Gaekskills

Е.Сарманов атындағы Гуманитарлық агроэкономикалық колледжінде болатын колледжшілік чемпионат

Worldskills Turkestan

Түркістан облысы бойынша барлық колледждер қатысатын облыстық чемпионат

Worldskills Kazakhstan

Қазақстан Республикасы аумағындағы әр облыстық чемпионатта топ жарған колледждердің студенттері қатысатын чемпионат

Жаңалықтар

Құрметті талапкерлер!

Е.Сарманов атындағы Гуманитарлық агроэкономикалық колледжі 2021-2022 оқу жылына Smart nation платформасының конкурстық комиссия нәтижесінде Мемлекеттік тапсырыспен грантқа түскен талапкерлер анықталды. Толық ақпарат Талапкер сілтемесі бойынша.

«Үздік колледж оқытушысы»

Жыл аяғында барлық саладағы жұмыстарды қорытындылап, сараптама жұмыс жасау дәстүрге айналуда. Осындай қорытынды нәтижесінде биыл да «Жас мамандар» және «Тәжірибелі оқытушылар» арасында үздіктер анықталды. 2020 - 2021 оқу жылының әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес 20 - 23 мамыр күндері аралығында колледжішілік «Үздік колледж оқытушысы - 2021» және «Үздік жас маман-2021» байқаулары болып өтті. Байқауға жалпы өтініш 32 оқытушыдан түсті. «Жас маман» категориясы бойынша «Үздік жас маман - 2021» кәсіби байқауында арнайы пәндер оқытушысы ІІІ – дәрежелі Дипломмен Әбдіәзім Нұрсұлтан, ІІ – дәрежелі Дипломмен Әбдірахман Еркебұлан, Жылдың Ең «Үздік жас маман - 2021» оқытушысы атағына І – дәрежелі Дипломмен Усенова Айнагуль Акбаровна марапатталды. Сонымен қатар, Жас мамандар оқытушылары арасынан ерекше жалынды леппен көзге түскен «Үміт» номинациясымен шетел тілі пәні оқытушысы Иристаева Мафтуна, «Шеберлік шыңы» номинациясымен қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәндері оқытушысы Амирова Гулнур Алғыс хаттармен марапатталды. Колледжішілік «Үздік колледж оқытушысы - 2021» кәсіби байқауында шетел тілі пәні оқытушысы ІІІ – дәрежелі Дипломмен Бейсенбиева Салтанат, Физика пәні оқытушысы ІІ – дәрежелі Дипломмен Алтунбекова Айсулу, жылдың ең «Үздік колледж оқытушысы - 2021» атағына, байқау қорытындысы бойынша Биология пәні оқытушысы І – дәрежелі Дипломмен Тилеева Карлыгаш Алибековна марапатталды. Колледждің Ең үздік оқытушысы алдағы жылы облыстың Ең үздік оқытушысы байқауына жолдама алады. Алдағы жылға Тилеева Қарлығашқа тек қана жеңіс тілейміз! Сонымен қатар, кәсіби байқауға белсенді қатысқаны үшін информатика пәні оқытушысы Есмаханова Оразкул, арнайы пәндер оқытушысы Абдуллаев Алдамурат Алғыс хаттармен марапатталды. «Үздік колледж оқытушысы» байқауы болашақта біздің дәстүрге кіріп, әр жылы өтілетін болады. Бұл байқаудың мақсаты педагогтердің жыл соңында өз-өзіне есеп беріп, шығармашылық және кәсіби дамуындағы ғылыми-әдістемелік, ақпараттық коммуникативтік технологияны меңгерту, мәдени қабілетін қалыптастыру және мәртебесін көтеру болып табылады.

"Рухани жаңғыру"

Е.Сарманов атындағы гуманитарлық агроэкономикалық колледжі "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында колледжіміздегі түрлі іс-шараларға қатысып, өз белсенділігін көрсеткен топбасшылары мен білім алушыларды "Туған елге саяхат" атты бағытпен Түркістан қаласына экскурсияға барып келді, онда Түркістан қаласының жаңаруымен түрлі тарихи орындарды аралап, жастардың рухани көзқарасын арттырды. Мұндай бастама әрі қарай жыл сайын жалғасын табады.

І семестрдің бітуіне қалды

00
Күн
00
Сағат
00
Минут
00
Секунд

Мамандықтар

Құрметті талапкерлер! Сіздерді Ерхали Сарманов атындағы Гуманитарлық агроэкономикалық колледжі оқуға шақырады.

Құрметті талапкерлерге! GAEK 2021

Байланыстар

Е.Сарманов атындағы гуманитарлық агроэкономикалық колледж
Қазақстан Республикасы, Түркістан обылысы, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылы, А.Байтұрсынов көшесі №13А
Контакты
Тел: +7(72531) 22-600
e-mail: gaik_aksu@mail.ru
Facebook: gaek.aksu.7