Тәрбие жұмысы Е.Сарманов атындағы Гуманитарлық агроэкономикалық колледжінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Тәрбие жұмысын директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары басқарады, бұл лауазымға колледж директорының бұйрығымен қызметке тағайындалып және босаталады.

Құрылымдық бөлім өз қызметінде колледж директорына бағынып, келесі құжаттарды басшылыққа алады:

  • Қазақстан Республикасының қолданыстағы ҚР Конституция заңнамасы;
  • ҚР үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы;
  • ҚР үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы;
  • білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушылардың білім және тәрбие беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін;
  • педагогика және психология негіздерін, қазіргі заманғы педагогтік ғылым мен тәжірибе жетістіктерін;
  • тәрбиелеу процесінің тұжырымдамалық негізі және технологиясын, экономика, еңбек туралы заңнамалар негіздері, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелері мен нормалары.
  • Негізгі міндеттері:

  • тәрбие жұмысын ұйымдастыру жөнінде жоспарлар мен іс-шаралардың әзірленуін, кәсіби бағдар беру жұмыстарының ағымдағы және стратегиялық жоспарлануын қамтамасыз етеді, олардың орындалуына бақылау жасайды.
  • Топ кураторларының, кітапханашылардың, өндірістік оқыту шеберлері мен дене тәрбиесі сауықтыру және көркемдік эстетикалық бағыттағы қосымша білім беру оқытушыларының қызметтерін үйлестіреді.
  • тәрбие процесінің сапасына, үйірмелер, секциялар жұмыстарына және тәрбие жұмысының басқа да түрлеріне, девианттық мінез-құлықты балалармен жүргізілетін жеке тәрбие жұмысына жүйелі түрде бақылауды жүзеге асырады.
  • тәрбие жұмысының мазмұнын, нысанын және әдістерін жетілдіреді. Білім алушыларға салауатты өмір салтын енгізу бойынша дене тәрбие процесін, спорттық-сауықтыру және әскери-патриоттық жұмыстарды дамытуды үйлестіру жөніндегі жұмысты жүзеге асырады.
  • білім алушылардың патриоттық, азаматтық, интернационалдық, жоғары моральдық және имандылық сезімін қалыптастыру, жан-жақты қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытуға бағытталған жұмысты жүзеге асырады.
  • жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалармен, тәрбиеленушілермен жұмысты ұйымдастырады, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғайды.
  • жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Оқу-материалдық базаны нығайту жөнінде жұмыстарды ұйымдастыруды жүзеге асырады.
  • жұртшылық және құқық қорғау органдары өкілдерімен, ата-аналармен және ата-аналар комитеттерімен тәрбие процесін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдарының кызметтері мен құрылымдарының, әкімшілік өкілдерінің өзара іс-қимылын үйлестіреді. Білім беру ұйымындағы моральды-психологиялық қолайлы ахуалды қамтамасыз етеді.
  • еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік және өртке қарсы ережелер мен нормаларының талаптарын орындауды қамтамасыз етеді. Тәрбие қызметінің нәтижелері туралы есеп береді.
  • Жеке тұлғаның ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде қалыптасуы мен дамуы және оның кәсіби жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасау; баланың тәрбиеленуі, білім алу және жан-жақты қалыптасуы, ана тілін, ұлттық салт-дәстүрлерді сақтау, ақпараттану, денсаулығын нығайту сияқты құқықтарын іске асыру болып табылады.

    Үздіксіз білім беру жүйесінде мектеп жасындағы балалардың, және білімгерлердің Қазақстан Республикасының азаматтары және патриоттары ретінде қалыптасуы мен өзін-өздері танытуларына, әлеуметтенуіне, болашақ мамандық иесі болып, кәсіби, интеллектуалды және әлеуметтік шығармашылыққа жетуіне оңтайлы жағдай жасау.

    Жас ұрпақтың тәрбиесіне қойылатын жаңа заман талабы – ол өз Отанын, елін құрметтейтін, өзін-өзі жетілдіру арқылы өмірлік мақсаттарына жете алатын, адамгершілік құндылықтарды қастерлейтін тұлғаны қалыптастыру үшін тәрбие үдерісін ұйымдастыруды кешенді түрде қарау.

    Оқу орнымыздың тәрбие және ұйымдастыру бағыты бойынша жұмыс атқаратын барлық бөлімдердің, топ тәлімгерлері сапалы әрі патриоттық тәрбие беру бағыты бойынша, жастар саясаты саласында әлеуметтік-саяси, экономикалық, этносаралық байланысты дұрыс қалыптастыру және мемлекеттік саясатты түсіндіруге бағытталған іс-шараларды өткізуге.

    Е. Сарманов атындағы Гуманитарлық агроэкономикалық колледжінің тәрбие бөлімі өз қызметінде колледждегі тәрбие жұмыстарын, мәдени іс-шараларын, басқа кәсіптік оқу орындарымен қоғамдық байланыс, бөлімдердегі тәлімгерлер жұмыстарына басшылық жасау сараптау және талдау жұмыстарын жүргізеді.

    Бекітілген штаттық кестеге сәйкес тәрбие бөлімі төмендегі мамандардан құралады.Психологиялық – педагогикалық құзыреттілігін арттыру

  • Тәрбие жұмысы жөніндегі директор орынбасары
  • Педагог-психолог
  • Әлеуметтік-педагог
  • Жастар комитетінің төрағасы
  • Кітапханашы
  • Іс-жүргізуші
  • Тәрбие жұмысының негізгі 12 бағыты

  • Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
  • Рухани – адамгершілік тәрбиесі
  • Отбасы тәрбиесі
  • Өзін – өзі тану мен өзін-өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыру
  • Әлеуметтік мәнді және жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру
  • Коммуникативті мәдениетті қалыптастыру
  • Экологиялық тәрбие
  • Эстетикалық тәрбие
  • Дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтын қалыптастыру
  • Еңбек және экономикалық тәрбие
  • Кәсіби шығармашылық тәрбие
  • Интеллектуальді мәдениетті қалыптастыру
  • Аталған бағыттар бойынша жұмыс келесі нәтижелерге әкеледі:

  • Қазақстандық патриотизмнің, азаматтық сана-сезімнің, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің, толеранттылықтың және тұлғаның әлеуметтік маңызды қасиеттерінің қалыптасу деңгейінің өсуі;
  • Колледждің студенттік өзін-өзі басқару жүйесін құру;
  • Тұлғаның кәсіби, рухани-адамгершілік, жалпы мәдени қасиеттерін қалыптастыру процесіне теріс әсер ету факторларын бейтараптандыру;
  • Студенттердің отбасы мен некеге, өз денсаулығына, қоршаған адамдардың денсаулығына жауапкершілікпен қарауы;
  • Тұлғаның дамыған экономикалық ойлауы, кәсіби қалыптасуы мен өзін-өзі жүзеге асыруға саналы көзқарас;
  • Экологиялық сауаттылықтың жоғары деңгейі;
  • Жеке тұлғаның әлеуметтенуге, өздігінен білім алуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылуы.
  • Колледждегі тәрбие жұмысы тәрбие жұмысын ұйымдастыру туралы Жергілікті актілерге сәйкес жүзеге асырылады.

    Тәрбие үдерісін іске асыруды директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, психолог, Жастар ісі жөніндегі комитет, Студенттік парламент, кураторларды біріктіру әдісі арқылы басқарады. Тәрбие іс-шараларының жоспар-кестесі бар. Оқу жылына жоспарланған іс-шаралар толық көлемде орындалады: профилактикалық жұмыс, тақырыптық кураторлық сағаттар, мерекелік концерттер, ғылыми-практикалық конференциялар, іскерлік ойындар, пікірталастар, экскурсиялық сапарлар, көрмелерге бару және т.б. Колледж студенттері жалпықалалық іс-шараларға белсене қатысады.