«Инновациялар және кәсіпкерлік – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру факторы» тақырыбындағы республикалық – практикумға Дарменова Шынар және Жантлеуова Мейрамкүл қатысып сертификатқа ие болды.
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ТжКБ мекемелерінің білім алушылары арасында өткізілген «Менің кәсібім-Ветеринар» облыстық кәсіби шеберлік байқауына колледж студенттері қатысып, белсенділік танытқаны үшін сертификатпен марапатталды.
«Студенттік ғылым 2019» атты Халықаралық студенттік ғылыми-практикалық конференцияға белсенді түрде қатысқан студенттер сертификатпен марапатталды.
«Жылдың үздік мұғалімі - 2019» төсбелгісіменРүстемов Нұрлан Бердібекұлы марапатталды.
Түркістан облысы ТжКББ ұйымдарының ұйымдастыруымен «Жаңартылған білім беру бағдарламаларының ТжКБ, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесіндегі рөлі» тақырыбында Республикалық – тәжірибелік конференцияға Уринбаева Д, Дарменова Ш, Абдуллаев Ф, Көшкінбай Б, Сыдыкова Ш. белсенді қатысып сертификатқа ие болды.
«Қазіргі білім беру жүйесінің заманауи контексі жағдайында Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру» атты Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына Азимханова А, Дарменова Ш, Амирова Г, Тилеева Қ. Белсенді қатысып сертификатқа ие болды.
«Білім шыңы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен«Үздік орынбасар- 2021» атты Республикалық олимпиадасына А.Серикбаева Сертификатпен марапатталды.
«COVID-19 пандемиясы жағдайындағы білім беру жүйесінің жаһандануы: шет елдердің тәжірибесі» атты конференцияға Дарменова Ш. мен Усенова А. белсенді қатысып сертификатқа ие болды.
IV халықаралық "Еуразиялық кеңістікте халықаралық ғалыми ынтымақтастық" ғылыми-тәжірибелік конференция. Германия Федеративті Республикасы Аахрен қаласы.
Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына арналған халықаралық ғылыми–практикалық конференциясы
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі күніне арналған техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары жас мамандар арасында "Жалынды жастар" облыстық форумында шығармашылық жұмысымен ІІ жүлделі орын иеленді.
«Жыл үздігі - 2019» республикалық байқауына қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәндері оқытушысы Рустемов Нурлан Бердібекұлы «Үздік баяндама» номинациясымен І жүлделі орын иеленді.
«Жыл үздігі - 2019» республикалық байқауына қазақстан тарихы пәнінің оқытушысы Сарбасова Улжан Нургалиевна «Үздік баяндама» номинациясымен І жүлделі орын иеленді.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының колледждер арасындағы "Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу" мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Tauelsizdik ART" облыстық байқауы болып өтті. Шымкент қаласында өткен байқауға "Ai-Lin" және "Бегім-ай" атты сән коллекциясымен, біздің сұлулар 2ші орынды иемденіп қайтты. Жеңісті күндеріміз көп болсын!
30-қазан күні Түркістан қаласындағы А.Яссауи кәсіби колледжінде Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес «Бұл – біздің Қазақстан!» іс-шарасы шеңберінде колледж студенттері арасындағы шағын футбол турнирі өтті. Аталмыш турнирге облыстың түкпір-түкпірінен 30-ға жуық колледж қатысып, өзара 7 топқа бөлініп бақ сынады. Әр топтан үздік шыққан командалар жарысты әрі қарай жалғастыруға мүмкіндік алды. Колледжіміздің студенттеріне құралған команда 6-топта өнер көрсетіп, алдымен «Мирас» колледжін 3:0, кейін Яссауи колледжін 2:1 және топтық кезеңдегі соңғы ойында Оңтүстік Қазақстан Индустриялды Инновациялық колледжін 3:2 есебімен ұтып өз тобында көш бастады. Өкінішке орай, ширек финалда командамыз Түлкібас агробизнес және саяхат колледжіне 1:3 есебімен жол беріп, үздік бес команданың қатарынан бой көрсетті.