Е. Сарманов атындағы Гуманитарлық агроэкономикалық колледж кітапханасында 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арнап «Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты тақырыбында іс-шара өткізілді. Іс-шараны кітапхана меңгерушісі Амирова Г.К және 1-курс студентері ұйымдастырды.Іс-шараның өткізілу мақсаты 1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл- әкімшіл солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп демократия жолында құрбан болған ұл-қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып, жастардың алаңға не себепті , қандай мақсатпен шыққандығын жете түсіндіру. Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз ана тілін, әдет-ғұрыпын , салт-дәстүрін сақтай білуге патриоттық сезімге тәрбиелеу. Іс-шараға 1-курс студенттері қатысты. Желтоқсан оқиғасын колледж студенттері баяндай отырып, слайдтар көрсетіліп, өлең-жырлар оқылды.

Елімізде «WorldSkills Kazakhstan 2022» Республикалық чемпионаты басталды. Бас қаладағы чемпионаттың ресми ашылу салтанатына ҚР Оқу-ағарту министрлігінің вице министрі Ғани Бектайұлы қатысты. Кәсіби шеберлік сатысында өз білімдерін айшықтауға Түркістан облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан облыстық “WorldSkills Turkistan” чемпионатында үздік деп танылған білім алушылар бақтарын сынауға елордамыз Астана бас қалаға жол тартты. Айтулы сайыстан колледж ұжымы да тыс қалмады. Колледжіміздің жас маманы Құмарбеков Байбек Бағланұлы «желілік және жүйелік әкімшілендіру» құзыреттілігі бойынша тек колледж ғана емес, бүкіл Түркістан облысының намысын қорғауда. Байбек Бағланұлына табандылық, өзіне деген сенім мен қайтпас қайсарлық тілей отырып, бойындағы дарыны мен қабілетін сәттілікпен ұштасырады деп сенеміз. Ісінің нәтижесі мен шарапаты мол болсын!.

Сайрам АПБ ЖПҚБ әйелдерді зорлық-зомбылықтанқорғау инспекторы полиция аға лейтенанты Абибуллаев Абдухамид мырзамен, Қалыбеков Мақсат Мусабаев аудандық әлеуметтік-психологиялық сүймелдеу орталығының әлеуметтік инспекторы және Худайбергенова Арайлым Маратқызы әлеуметтік-психологиялық сүймелдеу орталығының 05.12.2022жылы Сайрам ауданы Ақсукент ауылында орналасқан Е.Сарманов атындағы агроэканомикалық гуманитарлық колледжінде Зорлық зомбылықсыз Қазақстан акция аясында кездесу өткізіп жастарға тәлім тәрбиелік мағанасы бар құқықтық сауаттылық мәселесі жөнінде сұқбат өткізді.

Бүгін Е.Сарманов атындығы Гуманитарлық агроэкономикалық колледжінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрлігінің ұйымдастыруымен 15 қараша «Жұмыс беруші күні» ашық есік күні өткізілді. Аталған іс шараның негізгі мақсаты жұмыс берушілермен оданда тығыз байланыс орнату және де техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында кадрларды даярлау сапасын арттыру мақсатында жұмыс берушілермен одан әрі тиімді өзара іс-қимыл жасау мақсатында өткізілді. Аталған іс шараға келесі жұмыс берушілер қатысты: 1. Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының «Ветеринарлық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның сайрам ауданы филиалы басшысы Абдихаев Беглан Мамырбекович. 2. Оңтүстік Жарық Транзит" ЖШС-гі, Сайрам аудандық электр жүйесі басшысы Мұсабеков Бақытжан Қалданұлы. 3. Қазақтелеком АҚ филиалы Сайрам сату бөлімі Бас маманы Юлдашев Икрам Мирзалиевич 4. ЖШС «Контур-ККМ» Директоры Курбантаев Кахраман Мусантаевич 5. «Қазақстан аграрлық сараптамасы»АҚ Сайрам аудандық бөлімі басшысы Исламгани Бабишбаев Сайлаубекович 6. ЖШС «КазАграном» директоры Оразова Шахноза 7. ЖК «Хайтметов Д.З» директоры Хайтметов Дилшат 8. ЖК «Елена» директор Донгузова Елена Павловна 9. ЖШС «ЖБИ-С» Директор Зиятаев Ержан Батырбекұлы. Бағдарлама бойынша қонақтарды күтіп алу, тіркеу, колледж базасымен таныстыру және дөңгелек үстел өткізіліп жұмыс берушілермен бос жұмыс орындары жайлы колледж студенттер тарапынан сұрақтар қойылды. Дөңгелек үстел барысында жұмыс берушілерге колледждердің академиялық дербестігі, дуалды оқыту, кәсіпорындардың колледждерге қамқорлығы шеңберінде жұмыс берушімен өзара іс-қимыл жасау, индустриялды кеңес, кәсіпорындарда колледж оқытушыларын тағлымдамадан өткізу және WorldSkills кәсіби стандарттары жайлы айтылып өтілді. Осы іс шара аясында бітіруші түлектер жұмыс берушілерге өздерінің түйіндемелерін табыстап, жұмыс берушілерден бос жұмыс орындары жайлы ақпарат алды. Колледж директоры М.С.Жантлеуова жұмыс берушілерге ҚР Оқу-ағарту министірі А.Аймағанбетовтың және Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Д.Болатханұлының алғыс хаттарын табыстады.

2022-2023 оқу жылының Орта буын мамандықтарына конкурс нәтижесі. 2022-2023 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы бойынша оқуға түсуге құжат тапсырған талапкерлерге арналған конкурс нәтижесі шықты. Аттестаттағы міндетті және бейіндік пәндерден қойылған бағаның орташа конкурстық балы бойынша ақпараттық жүйе арқылы орта буын мамандықтары бойынша конкурс нәтижесінде Е.Сарманов атындағы Гуманитарлық агроэкономикалық колледжіне оқуға қабылданған оқушылар тізімін жариялаймыз. Қабылдау комиссиясы байланыс тел: 22-600.