«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Е.Сарманов атындағы Гуманитарлық агроэкономикалық колледжінде өз ісін жақсы білетін кәсіби мамандарды анықтау үшін, "Желілік және жүйелік әкімшілендіру", Мобильді қосымшалар жасау, Ақпараттық кабельдік желілер, Веб-технологиялар, Сән технологиясы, Электр қондырғысы, Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету, Графикалық дизайн, Ветеринария, Есеп және аудит құзыреттілігінің 61 студенті арасында WORLDSKILLS-2025 колледжішілік чемпионат өттіп жатыр. Осыған орай Жұмысшы мамандықтарды дәріптеу мақсатында ауданымыздағы жалпы орта мектептің 9,11-сынып оқушыларына "АШЫҚ ЕСІК КҮНІ" өткізілді. Аталған іс шараға Қарабұлақ ауылындағы "Фуркат" мектебі келді.
«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында өткізіліп отырған «Ашық есік» күніне Ауданымыздың AMANAT партиясының атқарушы хатшысы Қуаныш Адырбекұлы Сыздықов, Ақсукент ауылдық округі Әкімінің орынбасары Алиев Нұрсұлтан, AMANAT партиясы Ақсукент бастауыш партия ұйымы төрағасы Берік Тұрарұлы Құдайбергенов, Аудандық Мансап орталығының бас маманы Қансейт Мұхамед Абылхасымұлы және Досанбек Бақытжан, Аудандық жастар орталығының мамандары Жораева Флора және Кунакбаева Айдана, ұйымдастырылған көрмені аралап, оқытушылар және студенттермен сөйлесіп, әртүрлі жұмысшы мамандықтары мен техникалық салаларға арналған заманауи жабдықтармен және арнайы техникалармен танысты. көрмедегі стендтер мен мен демонстрацияларды қарап, колледж студенттерінің қол жеткізген жетістіктері мен мен олардың тәжірибелік дағдыларынмен танысты. Колледж директоры М.Жантлеуова шақырылған қонақтарға таныстыру сөзінде: WORLDSKILLS-2025 колледжішілік чемпионат тек білім мен дағдыларды көрсету ғана емес, сонымен қатар болашақ мамандарды, өз ісін жақсы білетін кәсіби мамандарды анықтау мүмкіндігі. Барлығымыз үшін осы чемпионаттың жеңімпазы – бұл тек өз ісіне адал, мықты маман болу жолындағы алғашқы қадам! Бүгінгі чемпионатта әр сала бойынша қызықты жарыстар өтеді, қатысушылар өздерінің қабілеттерін көрсетіп, тәжірибе жинайды - деді. «Жұмысшы мамандықтар жылы», - бұл-еңбек адамдарына деген ерекше құрметтің белгісі. Жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттау «Адал азамат -Адал еңбек -Адал табыс» қағидатына толық сай келеді. Қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек
КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 1134 қаулысымен бекітілген
Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, Сайрам ауданы Жалпы орта мектептерге кәсіби бағдар жұмыстары Жамбыл атындағы ЖОМ, Анартаев атындағы ЖОМ, Ақсу негізгі орта мектеп, Далабазар ЖОМ, 104 негізгі орта мектеп, 100 ЖОМ, Улугбек атындағы ЖОМ, Туран ЖОМ мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына жүргізілді