Миссия:

Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылыққа негізделген, заманауи талаптарға сай, бәсекеге қабілетті, жан- жақты және үйлесімді тұлға тәрбиелеу

Ұстанымы:

«Е.Сарманов атындағы Гуманитарлық агроэкономикалық колледжі» – білім алушылардың, педагогтардың, жұмыс берушілердің және басқа да мүдделі тараптардың мүддесінде жұмыс істейтін өзекті білім беру жүйесі, ашық ақпараттың ортасы және қазіргі заманғы инфрақұрылымы бар, жаңа технологиялармен жұмыс істеудегі білімі мен дағдысы бар, еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіби мамандары бар білім мекемесі.

Даму мақсаттары:

  • негізгі кәсіптік білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын тиімді, сапалы, заманауи білім беру жүйесін қалыптастыру;
  • жас ұрпақты сапалы оқыту және саналы тәрбиелеу үшін қажетті оқу-әдістемелік, ғылыми, тәрбие және шаруашылық қызметтерді жүзеге асыру;
  • рухани және физикалық тұрғыдан өзін-өзі жетілдіруге, адамгершілік қасиеттерді дамытуға, кәсіби және азаматтық борышын орындауға қабілетті жастарды дайындау;
  • тұлға мен қоғамның мүдделеріне және қажеттіліктеріне сәйкес колледждің тұрақты дамуын қамтамасыз ету.
  • Даму міндеттері:

  • білім беру қызметінің сапасын арттыру;
  • колледждің оқу-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын модернизациялау;
  • оқушылардың мамандық бойынша кәсіптік қызметіне қажетті біліктіліктерді толық меңгеруін қамтамасыз ету;
  • кадрлық құрамды жетілдіру және инженерлік-педагогикалық кадрлардың даярлық деңгейін арттыру;
  • колледж қызметінің қаржылық қамтамасыз етілуін жетілдіру;
  • білім беру сапасын басқаруды жүйелендіру;
  • оқу үдерісін кредиттік технология жүйесіне көшіру.