Мамандық коды Мамандық атауы Біліктілік коды Біліктілік атауы Оқыту мерзімі
08110100 Агрономия 4S08110103 Агроном

Агроном – кең ауқымды мамандық, олар ауылшаруашылық мекемелерінен бастап, мемлекеттік құрылымдарға дейінгі агроөнеркәсіп кешенінің барлық салаларында еңбек ете алады. Кәсіби дағдылар: мамандар жемісті еңбек ету мақсатында ауылшаруашылық жерлерін тиімді пайдалану, өсімдіктердің өнімділігін арттыру әдістерін қолдану, жаңа сорттар шығару, заманауи ақпараттық технологияларды қолдана алу, жан-жақты білімді болу мен алған білімді іс-жүзінде пайдалана білу бойынша дағдылар алуға тиісті.

Агроном мамандығы еліміздің әртүрлі ірі ауылшаруашылық кешендерінде, шағын шаруашылықтарда, жылыжайларда, питомниктерде және ғылыми-білім беру институттарында жоғары сұранысқа ие. Агроном – ауыл шаруашылығындағы негізгі мамандықтардың бірі. Агроном өз жұмысында егістік заңдылықтарын, алыстағы ата-бабамыздан ауыл-ауылға енгізген әдет-ғұрыптарды басшылыққа алады.

Агроном мамандығының – негізгі міндеттері: ауылшаруашылық өндірісін жақсарту егістік диқандарының, бағбандардың, механизаторлардың, комбайншылардың жұмысын бақылау қай уақытта, қай жерде, қандай дақылдардың жақсы егілетінін анықтайды агрономия саласында зерттеулер жүргізеді, әзірлейді өсімдік ауруларымен күресу селекциялық жұмыстарды жүргізу егіспен күресу жиналған дақылды жинау және сақтау тыңайтқыштар мен топырақ өңдеу әдістерінің тиімділігін бағалау.

Агрономның жұмысы – болжау элементтері бар жұмыс. Егістікте немесе бау-бақша учаскелерінде жұмыс істеуді бастау үшін агроном ғылыми зерттеулер жүргізеді, бау-бақша немесе егістік дақылдарды өсіру әдістерін зерттейді. Арнайы біліммен қаруланған агроном өсімдіктердің қалай дамып жатқанын, оларға не жетіспейтінін, топырақта қандай өзгерістер болатынын басқаларға қарағанда жақсы көреді. Ол экономикадағы ғылымның негізгі жүргізушісі, еңбек технологиясын, оны ұйымдастыруды анықтайды.