Е.Сарманов атындағы Гуманитарлық агроэкономикалық колледжінде «Ветеринария» құзыреттілігі бойынша «GAEKskills - 2021» III колледжішілік кәсіби шеберлік чемпионаты болып өтті. Конкурстық тапсырма 3 кезеңнен тұрды:
Жарысқа 9 студент қатысып, үздік нәтиже көрсеткен ВТ 301 тобының студенті Нәбиұлы Айдос дипломмен марапатталды. Колледж директоры Мейрамкуль Сатыбалдықызы және директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары Байдаулет Бибекұлы жүлдегерлерге сыйлықтар табыстады.
Осы чемпионатта ерікті студенттерімізде атсалысып, белсенділік танытқаны үшін Шаполатов Абдирахман, Икрамбаев Бекмурат, Құрмантай Жансүйер, Заримбаев Самандарға колледж әкімшілігі Алғыстарын білдірді!







