Е.Сарманов атындағы Гуманитарлық агроэкономикалық колледжінде «Сән технологиясы» құзыреттілігі бойынша «GAEKskills - 2021» III колледжішілік кәсіби шеберлік чемпионаты болып өтті. Бас сарапшы Усенова Айнагүл дайындаған конкурстық тапсырма 4 кезеңнен тұрды:

  • А модулі – Эскиз салу;
  • В модулі – Лекалоны құрастыру және матаға түсіру;
  • С модулі – Бұйымды тігу;
  • D модулі – Бұйымды көркемдеп безендіру.
  • Екі күнге созылған жарысқа 7 студент қатысып, жоғары кәсіби шеберлігі мен біліктілігін іс жүзінде қолдана білгені үшін АТ 201 тобының студенттері Қайнарбекова Сымбат пен Юлдашбекова Зайнаб дипломмен марапатталды. Колледж директоры Мейрамкуль Сатыбалдықызы және директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары Байдаулет Бибекұлы жүлдегерлерге сыйлықтар табыстады.

    Үздік нәтиже көрсеткен Сымбат пен Зайнаб "WorldSkills Turkestan 2022" облыстық чемпионатына жолдама алды.

    Байқау соңы концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

    Барша "GAEKskills - 2021" чемпиондарына, облыстық жарыста жеңіс тілейміз. Жеңісті де, жемісті күндеріміз көп болғай!