Е.Сарманов атындағы гуманитарлық агроэкономикалық колледжі "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында колледжіміздегі түрлі іс-шараларға қатысып, өз белсенділігін көрсеткен топбасшылары мен білім алушыларды "Туған елге саяхат" атты бағытпен Түркістан қаласына экскурсияға барып келді, онда Түркістан қаласының жаңаруымен түрлі тарихи орындарды аралап, жастардың рухани көзқарасын арттырды. Мұндай бастама әрі қарай жыл сайын жалғасын табады.

4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні. Рәміз – бұл мемлекеттің төлқұжаты десем артық айтқандық емес. Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш етуші әрі мемлекетіміздің өткені, бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі. Сондықтан да, Рәміздерімізді құрметтеуге және патриоттық сезімімізді нығайта түсуге тырысу – ол әрбір азаматтың парызы! Осы орайда, аталған мереке қарсаңында аудандық «Жастар ресурстық орталығының басшысы» Жаңабек Хамраев барлық аудан жастарына «МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР – МАҚТАНЫШЫМ!» атты челленджін жолдайды. Эстафетаны жалғастырушы жастар Мемлекеттік Тумен, Елтаңбамен түскен суреттері болса, Әнұранды шырқап видео арқылы жалғастырса немесе Рәміздер алаңында түскен суреттерін патриоттық сөздермен әлеуметтік желілерге жариялау қажет. Рәміздерді насихаттаудағы мақсат – әрбір жастың елге, жерге деген патриоттық сезімін нығайту, Қазақстан Республикасының рәміздері туралы түсініктерін кеңейту. Елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.

27-мамыр күні Е.Сарманов атындағы гуманитарлық агроэкономикалық колледжінің жас мұғалімдері мен белсенділері Қарамұрт ауыл округінде орналасқан "Хален баба" кесенесіне барып, зиярат жасады. Экскурсия барысында жастар аудан үшін ғана емес Қазақ Елі үшін де рөлі үлкен бабамыз жайлы деректерімен танысты. Мақсат – аудан жастары тарихты біліп өсуіне ықпал ету. Аталған экскурсия "Жастар ресурстық орталығы КММ" -нің Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына "Ауыл ел тірегі" он күндік жобасы аясында ұйымдастырылды.

Сайрам ауданының орталығы Ақсукентте орналасқан Е.Сарманов атындағы Гуманитарлық агроэкономикалық колледжінде ақыл-ой тәрбиесін жетілдіру мақсатында және Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына орай "Жалпы білім беру пәндері" бірлестігінің ұйымдастырумен тоғызқұмалақ, нарды, шахмат пен дойбыдан турнир болып өтті. Аталмыш жарысқа колледж оқытушылары қатысып, өздерінің білім көкжиектерінің биік екендігін дәлелдеді. Бағы мен бабы қатар келген ойыншылар жүлделі орындарға ие болып, қаржылай сыйлықтармен және колледж директорының арнайы мақтау қағазымен марапатталды. Сонымен, екі күнге жалғасқан сайыс нәтижелері төмендегідей: ⚜Дойбы: І-орын - Құмарбеков Байбек ІІ-орын - Сеитбек Ержігіт ІІІ-орын - Абдуллаев Фаррух ⚜Шахмат: І-орын - Сапаров Ержан ІІ-орын - Беркімбеков Әлиасқар ІІІ-орын - Сеитбек Ержігіт ⚜Тоғызқұмалақ: І-орын - Сулеев Қанат ІІ-орын - Сеитбек Ержігіт ІІІ-орын - Әбдірахман Еркебұлан ⚜Нарды: І-орын - Әбдірахман Еркебұлан ІІ-орын - Сулеев Қанат ІІІ-орын - Абдуллаев Фаррух

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - мемлекеттің міндеті. Осындай көзқарас, қоғамда тамыр жайған сенімсіздік пен таптаурын ұғымдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жұртшылық көп жағдайда жүйесіз, нәтижесі төмен атүсті жұмыс ретінде көру, соны студенттерге жеткізу мақсатында колледжімізде оффлайн форматта түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Е.Сарманов атындағы гуманитарлық агроэкономикалық колледжінде жас жеткіншек қыз балалар бойына салт-дәстүрді сіңіре отырып, келешек ана алдында қоғамның, ұлттың тыныс-тіршілігі барысындағы үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын сезіндіре отырып әдепті, сыпайы, адамгершілігі мол, білімді қыз бала болуға тәрбиелеу мақсатында "Қыз бала әдебі" тақырыбында іс-шара өткізілді. Педагогикалық, медициналық сала қызметкерлері келіп жүрек тәрбиесі мен ақыл-ой тәрбиесінің мән-мағынасын ашып, кеңестер айтты.

Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (5 наурыз 1866, Қарқаралы уезі, Семей облысы, Дала Өлкесі - 27 қыркүйек 1937, Мәскеу) — XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы.