Е.Сарманов атындағы Гуманитарлық агроэкономикалық колледжінде «Өсімдік шаруашылығы» құзыреттілігі бойынша «GAEKskills - 2021» III колледжішілік кәсіби шеберлік чемпионаты болып өтті. Бас сарапшы Уринбаева Динара дайындаған "Өсімдік шаруашылығы" құзыреті бойынша жарыс 1 күн ішінде шынайы уақыт форматында өткізілді. Техникалық сипаттамаға сәйкес мақсатымен тәжірибелік тапсырмаларға 4 модульді еңгізді:

  • А модулі – Бидай сапасының жалпы міндетті көрсеткіштерін анықтау;
  • В модулі – Танапты өңдеу жұмыстарының сапалығын талдау;
  • С модулі – Жеміс ағаштарының зиянды ағзаларына қарсы дәрілеу, өңдеу жұмыстарын жүргізу;
  • D модулі – Жеміс ағаштарын телу.
  • Осы жарысқа 4 студент қатысып, үздік нәтиже көрсеткен АГ 39/1 тобының студенті Дихан Мақсат дипломмен марапатталды. Колледж директоры Мейрамкуль Сатыбалдықызы және директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары Байдаулет Бибекұлы жүлдегерлерге сыйлықтар табыстады.