Е.Сарманов атындағы Гуманитарлық агроэкономикалық колледжінде «Жеңіл атомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету» құзыреттілігі бойынша «GAEKskills - 2021» III колледжішілік кәсіби шеберлік чемпионаты болып өтті. Бас сарапшы Берік Мейрамбекұлы дайындаған конкурстық тапсырма 2 кезеңнен тұрды:

  • А модулі – Жеңіл автомобиль қозғалтқышын реттеу;
  • В модулі – Жеңіл автомобиль қорабын шашып, жинау.
  • Бірнеше сағатқа созылған жарыста 6 студент қатысып, үздік нәтиже көрсеткен АШМ 39/1 тобының студенті Эргешов Эльдар дипломмен марапатталды. Колледж директоры Мейрамкуль Сатыбалдықызы және директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары Байдаулет Бибекұлы жүлдегерлерге сыйлықтар табыстады.