Е.Сарманов атындағы Гуманитарлық агроэкономикалық колледжінде «IT бизнеске арналған шешімдер» құзыреттілігі бойынша «GAEKskills - 2021» III колледжішілік кәсіби шеберлік чемпионаты болып өтті. Бас сарапшы Холметов Рахымжан дайындаған конкурстық тапсырма 2 кезеңнен тұрды:

  • А) модулі – 1С бағдарламасын орнату және оны баптау;
  • В) модулі – QR-код бағдарламасын орнату.
  • 4 сағатқа созылған жарыста 4 студент қатысып, үздік нәтиже көрсеткен ЕТ 39/1 тобының студенті Каримкулова Мафтуна дипломмен марапатталды. Колледж директоры Мейрамкуль Сатыбалдықызы және директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары Байдаулет Бибекұлы жүлдегерлерге сыйлықтар табыстады.