Е.Сарманов атындағы Гуманитарлық агроэкономикалық колледжінде «Электр қондырғысы» құзыреттілігі бойынша «GAEKskills - 2021» III колледжішілік кәсіби шеберлік чемпионаты болып өтті. Бас сарапшы Беркимбеков Алиаскар дайындаған конкурстық тапсырма 2 кезеңнен тұрды:

  • А модулі – Заманауи технологияларды пайдалана отырып электрлік жарықтандыруды монтаждау;
  • В модулі – Дәстүрлі технологияларды пайдалана отырып өнеркәсіптік электр жабдықтарды монтаждау.
  • 14 сағатқа созылған жарыста 8 студент қатысып, үздік нәтиже көрсеткен ЭҚ 38/2 тобының студенттері Ақжол Жомарт және Кучменко Денис дипломмен марапатталды. Колледж директоры Мейрамкуль Сатыбалдықызы және директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары Байдаулет Бибекұлы жүлдегерлерге сыйлықтар табыстады.

    Сонымен қатар, WORLDKILLS KAZAKHSTAN 2021 VI Республикалық кәсіби шеберлік чемпионатында дәл осы құзыреттілік бойынша "Үздік маман" номинациясымен Тойматов Ахрор ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың АЛҒЫС хаты және медальонымен марапатталды және жетекшісі Беркимбеков Алиаскар техникалық және кәсіптік білім беру саласын дамытуға қосқан үлесі үшін Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы Рахымбек Жолаевтың АЛҒЫС хаты табысталды!