Е.Сарманов атындағы Гуманитарлық агроэкономикалық колледжінің миссиясы: Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылыққа негізделген, заманауи талаптарға сай, бәсекеге қабілетті, жан- жақты және үйлесімді тұлға тәрбиелеу. Жан-жақты дамыған бәсекеге қабілетті, әлеуметтік белсенділігі заманауи талаптарға сай, отаншыл-азаматтық қасиеттері бар, ұлттық және халықаралық кәсіби деңгейін дербес арттыруға қабілетті маманды қалыптастыру үшін жағдай жасау. Е.Сарманов атындағы Гуманитарлық агроэкономикалық колледжі – Қазақстан Республикасының білім беру нарығындағы маман даярлауда көшбасшылыққа, қарқынды түрде даму үстіндегі материалдық-техникалық базаға, заманауи оқыту технологияларын енгізуде инновацияларды қолданатын алдыңғы қатарлы отандық білім беру ұйымдарымен белсенді және тең құқылы серіктестікке, оқытушылардың педагогикалық және ғылыми біліктілігін арттырудың дамыту жүйесіне ие, әлеуметтік жауапкершілікті көтеру негізінде білімнің қазіргі парадигмасын ілгерілету үшін барлық әлеуметтік серіктестермен байланысты нығайтатын оқу мекемесі. Колледж ұсынатын білім беру қызметтері студенттердің еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ете алады. Е.Сарманов атындағы Гуманитарлық агроэкономикалық колледжі кәсіби құзыретті, тұлғалық үйлесімді дамыған тұлғаны, қоғамның әлеуметтік, этикалық, мәдени, экологиялық аспектідегі мәселелерін қоя білетін және шеше алатын, жауапкершілігі мол қызметкер бола алатын, ұжымға тез бейімделетін және бәсеке шарттары негізінде жұмыс істейтін азаматты тәрбиелеуді қалыптастыруға барынша мүмкіндік туғызады. Колледж «ашық жүйе» принципінің негізінде белсенді әрі өзара тиімді ынтымақтастықты, кәсіби қауымдастықтармен қарым-қатынасты басшылыққа алады. Е.Сарманов атындағы Гуманитарлық агроэкономикалық колледжінің стратегиялық жоспарын дамыту қызметтерінің негізгі векторлары келесі стратегиялық бағыттарға бөлінеді:
      1)Ұйымдастыру-басқару бағыты
      2)Ақпарараттық-білім беру бағыты
      3)Тәрбиелік бағыты
      4)Шығармашылық бағыты
      5)Қаржы-шаруашылық бағыты
    Е.Сарманов атындағы гуманитарлық агроэкономикалық колледжі миссиясын жүзеге асыруда – бірыңғай білім беретін, инновациялық және ақпараттық ғылыми кешенді, ұлттық инновациялық жүйенің қалыптастырылуы мен тұрақты қызметін қамтамасыз ететін жаңа типті колледж үлгісін құруға бағытталған.