Ерхали Сарманов атындағы Гуманитарлық агроэкономикалық колледжінің “Ауылшаруашылық мамандықтар” бірлестігі колледж директорының №3/03 бұйрығымен 2010 жылы құрылған. Бірлестік меңгерушісі Ф.Абдуллаев. Бірлестік «Агрономия» «Ауылшаруашылығын механикаландыру» және «Ветеринария» мамандықтары бойынша түлектер дайындайды. Қазіргі уақытта 351 студент білім алуда, сәйкесінше 300 студент мемлекеттік гранты негізінде оқиды. Бірлестікте 18 оқытушы қызмет атқарады, олардың құрамындаҒылым докторлары, профессор, жоғарғы, I және II біліктілік санатты арнайы пән оқытушылары мен магистр оқытушылар бар. Мамандықтар бойынша толықтай заманауи жабдықталған 9 арнайы зертханалық кабинеттер студенттердің іс-тәжірибе жұмыстары үшін арнайы виварий жұмыс атқарады. Бірлестікте тәрбие жұмыстары оқу жылы басында тағайындалып бекітілген жоспар бойынша жүргізіледі. Студент жастармен тәрбие жұмыстарын жүргізудегі басты мақсат оларды Отансүйгіштікке және салауатты өмір салтын қалыптастыруға, болашақта адал қызмет атқаруға баулу. Сонымен қатар тәрбие жұмыстарында ынтымақты студенттік ұжымды құрауға, білім алушылардың оқу мен тәртіпке деген жауапкершілік сезімдерін оятуға үлкен көңіл бөлінеді.

Бірлестіктің негізгі мақсаты мен міндеті:

  • Мемлекеттік білім стандарты негізінде оқу бағдарламасын толығымен жүзеге асыру;
  • Оқу-тәрбие тұтастығын қамтамасыз ете отырып оқыту мен тәрбиелеу үрдістерін интеграциялау;
  • Тұлғаның физиологиялық рухани және шығармышылық мүмкіндіктерін жетілдіру, салауатты өмір салтына баулу, интеллектуалдылығын байыту, азаматтың өз тұлғасын қалыптастыруға қолайлы жағдай туғызу;
  • Оқу орнындағы шығармашылық және қоғамдық бірлестіктер қызметін жандандырып, білімгерлерді оқу орнының әкімшілік қызметіне араластыру, өзіндік пікір білдіруге баулу, болашақ маманның Республиканың қоғамдық саяси өміріне белсенді араласуына жол ашу, қоғамдық белсенділігін қалыптастыру;
  • Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылыққа негізделген, заманауи талаптарға сай, бәсекеге қабілетті, жан- жақты және үйлесімді тұлға тәрбиелеу ;
  • Қазіргі қоғамға бейімделген және әлеуметтік жетістікке дайындалған жан-жақты тұлғаны тәрбиелеу;
  • Теория мен тәжірибені ұштастыра отырып білім алушыларды білікті маман етіп қалыптастыру;
  • Оқытушыларды инновациялық қызмет жасау, өзін-өзі дамыту (жаңа техналогиялар, зерттеулер мен эксперимент)әдістемесін меңгерту, кәсіптік шеберлігін, жалпы ғылыми деңгейін жетілдіріп отыру;
  • Бірлестік құрылымы:

    Бірлестік 3 мамандықтан құралған

    «Агрономия»

    «Ауылшаруашылығын механикаландыру»

    «Ветеринария»

    Бірлестікте 3 мамандық бойынша білім алады

    1513000 – Ветеринария

    Топ атауы Топ тәлімгері
    ВТ38-2/1 Фатхуллаев Х
    ВТ38-2/2 Сулеев Қ
    ВТ39-2 Сыдыкова Ш
    ВТ39-1 Көшкінбай Б
    ВТ19-1 Көшкінбай Б
    ВТ302 Абдуллаев Ф
    ВТ301 Әбдіәзім Н
    ВТ112 Әбдіәзім Н
    ВТ321 Исақова М
    ВТ121 Исақова М

    «Ауылшаруашылығын механикаландыру»

    Топ атауы Топ тәлімгері
    АШМ39-1 Орынбеков А
    СЖ 201 Өтепберген Р

    «Агрономия»

    Топ атауы Топ тәлімгері
    АГ321 Р.Толебеков
    АГ39-1 А.Азимханова
    АГ38-2 Қ.Тилеева

    Материалдық техникалық базасы

  • Кабинет және зертханалары жаңа техникалық құрал-жабдықтармен жабдықталған;
  • Виварий, мационға арналған алаңқай
  • Web-сайт және Интернетке шығу мүмкіндігі бар компьютерлік кабинеттер;
  • Нормативтік актілер, оқулықтар және электронды оқулықтармен толық қамтылған;
  • Мультимедиялық тақта - 1, интерактивті тақта-7, проектор-7, ноутбук-6, толық компьютер құрал жабдықтарымен қамтылған;
  • Бірлестікке қарасты кабинеттер және зертханалар:

    Кабинет номері Кабинет атауы Жауапты тұлға
    205 Агрономия Д.Уринбаева
    Зертхана Агрономия Р.Толебеков
    ВТ39-2 Сыдыкова Ш Топ атауы
    101 Слессарь жөндеуші Р.Өтепберген
    Бокс Слессарь жөндеуші Б.Амалбек
    Клиника 1 Жануарлар анатомиясы және физиологиясы Х.Фатхуллаев
    Клиника 3 Фармакология. Ішкі жұқпайтын аурулар Ф.Абдуллаев
    Клиника 2 Паразитология. Микробиология және вирусология Ш.Сыдыкова
    Клиника 4 Малдәрігерлік-санитарлық сараптау. Патологиялық физиология және патологиялық анатомия Н.Әбдіәзім
    Клиника 5 Ветеринариялық хирургия Б.Көшкінбай

    Бірлестіктің оқу-әдістемелік, ғылыми және тәрбиелік жұмыстар бойынша атқарылатын жұмыстар:

  • Жаңа үлгілік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын оқу үрдісіне енгізу;
  • Жаңа педагогикалық технологияларды, кадрлардың біліктілігін көтеру және қайта даярлау мақсатында жоғары оқу орындарымен байланысты нығайту;
  • Жеке тұлғаның саяси мәдениетін, әлеуметтік жағынан азаматтығын, өзін өзі танытуын қалыптастыруға тәрбиелеуді жүзеге асыру;
  • Бөлімше базасындағы сыныптан тыс, үйірме, студенттермен ғылыми – зерттеу жұмыстарын жандандыру;
  • Оқу жылы Ашық сабақ (Мастер класс) Сабақтан тыс іс шара Ашық тәрбие сағаты
    2018-2019 жж. 18 15 5
    2019-2020 жж 11 10 7
    2020-2021 жж. 15 12 8
    2021-2022 жж 17 19 6
    Оқу жылы Мақала саны
    2018-2019 жж. 14
    2019-2020 жж. 8
    2020-2021 жж. 9