Е.Сарманов атындағы Гуманитарлық агроэкономикалық колледжінде «Веб-технологиялар» құзыреттілігі бойынша «wordskills - 2025» колледжішілік кәсіби шеберлік чемпионаты болып өтті. Конкурстық тапсырма 3 модульден тұрды:

  • А модулі – HTML және CSS -ты пайдалана отырып веб сайттың дизайннын құрастыру;
  • В модулі – Жасанды интеллект арқылы чат -бот жасау;
  • С модулі – Чат-бот базасын php тілінде құрастыру.
  • «Бағдарламалық қамтамасыз етуді құрастырушы» мамандығы бойынша үздік деп танылған 4 студент чемпионатқа қатысып, жоғары кәсіби шеберлігі мен біліктілігін іс жүзінде қолдана білгені үшін Қабдылмұрат Сұлтанбек үздік дипломмен марапатталды. Колледж директоры Мейрамкуль Сатыбалдықызы және директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары Байдаулет Бибекұлы жүлдегерлерге сыйлықтар табыстады.